Жаңалықтар :

Жаңалықтар мұрағаты

 

САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ

АУА РАЙЫ

GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск

КІРУ СТАТИСТИКАСЫ

Copyright © 2009 www.arhitecturavko.kz
Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы,
Қазақстан көшесі, 27 070004

Телефон:
8 (7232) 26-36-69

 

ЗЕРТТЕМЕ ҚОЛДАУ

ФИРМА
"WEBTECHONOLGY"

WWW.WEBTECH.KZ

firma@webtech.kz

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының 2010 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі және 2011 жылға арналған тапсырмалары

Есепті кезеңде облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру
Шығыс Қазақстан облысында болған төтенше жағдайлардың апаттарын қалпына келтіру бойынша басқармамен Күршім ауданының Барақ Батыр, Жиделі ауылдарындағы, Тарбағатай ауданының Көкжыра, Жәнтікей ауылдарындағы мектептердің құрылысының жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ Абай ауданының Архат ауылындағы, Күршім ауданының Қаратоғай ауылындағы, Тарбағатай ауданының Көкжыра, Жәнтікей ауылдарындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториялар құрылысының жобаларын әзірлеуге сәулеттік жобалау тапсырмалары берілді. Жоғарыда аталған нысандардың құрылысын салатын жерлер анықталды.

2010 жылы Шемонаиха қаласының, Тарбағатай ауданының Көкжыра, Жәнтікей ауылдарының бас жоспарларын, Зайсан ауданының Тасбастау ауылының, Күршім ауданының Қаратоғай ауылының, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінің құрылыс салу сұлбаларын және Ново-Явленка, Самсоновка, Ахмер ауылдарының жанындағы жаңа тұрғын аудандардың, сол жақ жағалау рекреациялық аумақтың нақты жоспарлау жобаларын (ары қарай – НЖЖ) әзірлеу  аяқталды. Жобалар толық көлемде орындалды, келісулер алынды, қоғамдық тыңдаулар жүргізілді. Шемонаиха қаласының бас жоспары және Өскемен қаласының тұрғын аудандарының НЖЖ-ның материалдары 2011 жылғы 1 тоқсанда қалалық мәслихаттарға бекітуге шығару жоспарланып отыр.

2010 жылы облыстық қала құрылысы Кеңесінің 4 отырысы өткізілді.
Семей қаласының бас жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, ҚР Үкіметінде жобаны бекіту үшін материалдар ҚР Министрліктеріне келісуге жіберілді.

 Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің құрылыс салу Ережесінің жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне келісімдеуге жіберілді.

2010 жылы Астана (мамыр), Шымкент (қараша), Ақтау (желтоқсан) қалаларында болған әр түрлі форумдарға, қала құрылыстық көрмелерге қатыстық.

Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету жағдайын түбегейлі өзгерту мақсатында, «Елді мекендердің, демалыс аймақтарының және тарихи-мәдени атаулы жерлерінің бас жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың жағдайы туралы» мәселе 2010 жылы маусымда облыс әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізілген. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыстарды қалалар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына енгізу жөніндегі  басқарманың ұсынысы облыс әкімімен қолданды.

2011-2015 жылдарға арналған облыстың елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу жоспар-кестесі құрылып, бекітілді. Облыстың 142 елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеуге 2011-2015 жылдары қалалар мен аудандардың бюджеттерінен жалпы сомасы 1744,6 млн. теңге қаражат бөлу қарастырылды.
Облыстың 19 әкімшілік орталықтарының ішінде 10-ының бас жоспарлары әзірленді. Жоспарлануы 2014 жылға шегерілген Зырян қаласынан басқа, қалған 9 аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу 2011 жылға жоспарланды.

Облыстың елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында тұжырымдама жасалып, оның шеңберінде барлық қалалар мен аудандарда, атап айтқанда, Жеңістің 65 жылдығына, Қазақстан мен Ресейдің шекаралас ынтымақтастық 7-Форумына дайындыққа арналған, ірі кешенді іс-шаралар жүргізілді. Осының барлығы елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсартуға ықпал етті.

2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын (МҚҚК) жүргізу

ҚР Үкіметінің «ҚР МҚҚК жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 Қаулысын орындау барысында 2010 жылғы қаңтар айынан бастап базалық және облыстың деңгейге МҚҚК деректер қорының өзекті көшірмелерін ай сайын енгізу бойынша, сондай-ақ оларды республикалық деңгейге – құрылыс істері жөніндегі ҚР Агентігіне ұсыну жұмыстары жолға қойылған.

Қазіргі уақытта базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры облыстың 9 елді мекендерінде ғана әзірленді.

МҚҚК жүргізуге жауапты аудандық және қалалық сәулет бөлімдерінің мамандарымен, жаңа «ҚР Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу Ережелерін» зерделеу бойынша семинар-кеңес өткізілді.

2010 жылғы 12 айда МҚҚК деректер қорына аудандық/қалалық сәулет бөлімдерімен 885 нысанның өзекті ақрпараттары енгізілген. МҚҚК деректер қорының жинақталған өзекті көшірмелері ай сайын Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне жіберіліп отырды, басқарма сайтында орналастырылды.

2011-2015 жылдарға арналған облыстың қалалары мен аудандарының бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес, облыстың 28 елді мекендеріне жалпы бағасы 135,4 млн. теңгені құрайтын базалық деңгейдегі МҚҚК әзірлеу жұмыстары енгізілген. 2011 жылы Көкпекті ауылынан басқа, облыстың 10 аудандық орталығында МҚҚК әзірлеу қарастырылды.

Облыстық басқарманың 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына:
- 78,2 млн. теңгеге МҚҚК ақпараттық деректер қорын жаңғырту;
- 435,3 млн. теңгеге картографиялық-геодезиялық материалдарды орындау;
- 24,0 млн. теңгеге МҚҚК ақпараттық деректер қоры бағдарламаларымен қамтамасыз ету енгізілген.

3. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы                 № 1471 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкiметті» қалыптастырудың мемлекеттiк бағдарламасын орындауда облыста «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін толықтыру мониторингі ай сайын «НИТ» АҚ- на сапалы және мерзімінде беріліп отырды. ҚР Ақпараттар және байланыс министрлігінің адресіне әкімшілік-аумақтық бірліктер мен геонимдер тізімі, ШҚО елді мекендерінің мекенжайларын түгендеу нәтижелері бойынша бастапқы және қосалқы жылжымайтын мүлік нысандарының саны жіберілген.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  17 015 тұрақты мекенжайлар түзетілді, қалған 31 125 мекенжайларды түзету бағдарламаны әзірлеушінің келісімі бойынша  мекенжай құрылымы үлгілік Ережелерін бекіткенге дейін кейінге қалдырылды.

«НИТ» АҚ-ның мекенжай құрылымы үлгілік Ережелерін әзірлеушілермен бірлесе, басқармада (2010 жылғы қазанда) жаңа мекенжай үлгілік Ережелерін талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді. ҚР Ақпараттар және байланыс министрлігінің адресіне әзірленіп жатқан мекенжай құрылымы үлгілік Ережелеріне толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жіберілді.

4. Елді мекендерде сыртқы жарнама нысандарын орналастыруға рұқсаттар беру бойынша қызметтерді жүзеге асыру.

2010 жылы сомасы 159,9 млн. теңгеге 781 рұқсаттар берілді. 2009 жылмен салыстырғанда берілген рұқсаттар санының өсуі 86,3 млн. теңге 409 бірлікті құрайды, немесе сыртқы жарнама нысандарын орналастырудан түскен өсім 2 есе көбейген.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен өткізілген түгендеудің деректері бойынша, облыс бойынша 883 сыртқы жарнама нысандары орналастырылған, олардың ішінде: 743-і - облыстық маңызы бар қалаларда, 140 – аудандарда.

9 аудандарда  орналастырылған 140 нысанның 102-де рұқсаттар жоқ (Аягөз ауданында – 26, Глубокоеда – 22, Зырянда – 25, Ұлан ауданында – 14) немесе сыртқы жарнама нысандарын орналастырудан бюджетке ай сайын 562,1 мың теңгені, сәйкесінше 1 жылда – 6,75 млн. теңге кем түседі.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен өткізілген түгендеудің дұрыстығын тексеру үшін, басқармамен ішінара тексерулер жүргізілді.

Басқарманың мамандарының алдын-ала есептеулері бойынша, облыстың елді мекендерінде орналастырылған сыртқы жарнама нысандарының саны 2800-3000 бірлікті құрайды, немесе рұқсатпен қамтылғандары небәрі 27 пайызды құрайды,  ай сайын түспейтін түсімдер 22,0 млн. теңгені, 1 жылда – 270,0 млн. теңгені құрайды.
2011 жылға тапсырмалар:

1) 10 аудан орталықтарының және облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеу, оларды бас жоспарлармен қамтамасыз етуді 100 пайызға дейін жеткізу;
2) Облыс әкімімен бекітілген ШҚО елді мекендерін көріктендіру және олардың сәулеттік келбетін жақсарту бойынша іс-шаралар Жоспарын 100 пайыз орындауға қол жеткізу;
3) Семей қаласының бас жоспары жобасын бекітуді қамтамасыз ету;
4) 11 аудан орталықтарында МҚҚК әзірлеуді аяқтау және облыстың барлық аумақтарында МҚҚК жүргізуді электрондық форматқа көшіруді жүзеге асыру;
5) мекенжай құрылымы үлгілік Ережелерін бекіткеннен кейін МТ АЖ-не қате енгізілген мекенжайларды түзетулерді енгізу бойынша жұмыстарды аяқтау;
6) елді мекендерде рұқсатсыз орналастырылған сыртқы жарнама нысандарының санын қысқарту, рұқсаттармен орналастыруды 100 пайызға жеткізу;

Шешу жолдары:
1) Қалалар мен аудандардың әкімдеріне 2011-2015 жылдарға арналаған ШҚО елді мекендерінің бас жоспарларын бекіту кестесін орындауды, осы мақсаттарға 2011 жылы бюджетте қарастырылған қаражатты сапалы және уақытында  игеруді қамтамасыз етсін;
2) Зырян ауданының әкімі (Е.Б. Сәлімов) 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджетті қайта қарау кезінде 2011 жылға Зырян қаласының бас жоспарын түзетуге қаражат қарастыру;
3) Қалалар мен аудандардың әкімдеріне облыстық іс-шаралар Жоспарына сәйкес қалалық/аудандық іс-шаралар Жоспарын әзірлеп, бекіту, қаражаттардың қажетті көлемін қарастыру, ведомстволық бағыныстағы аумақтардағы барлық қолда бар қаражаттық, материалдық-техникалық және адамдық ресурстарды пайдаланып, оның 100 пайызға орындалуын қамтамасыз етсін;
4) Семей қаласының әкімі (М.К. Айнабеков) 2011 жылдың 20-наурызына дейін ҚР Үкіметінде Семей қаласының бас жоспарын бекітуді қамтамасыз етсін;
5) Көкпекті ауданының әкімі (Д.М. Мусин) 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджетті қайта қарау кезінде 2011 жылға Көкпекті ауылының базалық деңгейдегі МҚҚК жасауға қаражат қарастырсын;
6) Қалалар мен аудандар әкімдеріне Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкiметті» қалыптастырудың мемлекеттiк бағдарламасын, ҚР Үкіметінің «ҚР МҚҚК жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 Қаулысын орындауды қамтамасыз етсін. Базалық деңгейдегі МҚҚК-ын жүргізуге 1 мемлекеттік қызметші маманын, сонымен қатар «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ін жүргізу бойынша 1 мемлекеттік қызметші маманын тағайындасын;
7) Қалалар мен аудандар әкімдеріне, жергілікті салық қызметтерімен бағынысты аумақтарда орналасқан сыртқы жарнама нысандарының есебін алу үрдісін жалғастыру ұсынылсын;
8) Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қызмет көрсету бөлімін құрсын, елді мекендердегі орнласқан сыртқы жарнама нысандарының ай сайынғы мониторингін жүргізсін.



»21.01.2011




Сіздермен Шығыс Қазақстан
облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының
интернет — бетінде
жүздескенімізге қуаныштымын

Аманбай Мұхамедиярұлы
Нұркенов — ШҚО сәулет және
қала құрылысы басқармасының
бастығы

Мемлекеттік рәміздер

Пайдалы сілтемелер