Жаңалықтар :

Жаңалықтар мұрағаты

 

САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ

АУА РАЙЫ

GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск

КІРУ СТАТИСТИКАСЫ

Copyright © 2009 www.arhitecturavko.kz
Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы,
Қазақстан көшесі, 27 070004

Телефон:
8 (7232) 26-36-69

 

ЗЕРТТЕМЕ ҚОЛДАУ

ФИРМА
"WEBTECHONOLGY"

WWW.WEBTECH.KZ

firma@webtech.kz

«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

Бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға ашық конкурс жариялайды:

1. Қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы маманы (Д-О-4 санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 39421 теңгеден 53218 теңгеге дейін. Қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері: ҚР Президентінің Жарғылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, шешімдері, өкімдері, облыс әкімінің қаулыларының орындалуын бақылау бойынша жұмыс жүргізеді. Қала құрылысы кадастры бөліміне келіп түсетін барлық құжаттаманы есепке алады және тіркейді. Облыстағы басшылық ететін аудандардың қала құрылыстық паспорттарын толтыру бойынша ақпарттарды жинайды, әкімшілік аудан туралы (аумағы, тұрғындары, тұрғын үй қоры, инженерлік коммуникациялар, көліктік тораптар, шикізат ресурстары) жалпы мәліметтерді жинауды, сондай-ақ пайдалану түрлері бойынша аудандағы жер қорының бар болуы және бөлінуі туралы, пайдалану түрлері бойынша аудандағы ғимараттарды (имараттарды) бөлу туралы, аудандағы инженерлік тораптар туралы, аудандағы көше-жол тораптарының бар болуы және бөлінуі туралы тоқсандық, жарты жылдық жинақтық кестелерді құрастырады, қорытындыларды шығарады, облыстың атрибутивтік, графикалық қорына енгізеді. Аудандық қызметтердің Мекенжай тіркелімін жүргізуі жөнінде талдау жүргізеді. Облыстық кадастрдың қала құрылыстық кадастрының тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есебін құрастырады. Қала құрылысы кадастрын әзірлеуді алдын-ала есептеу (құнын негіздеу) бойынша жұмысқа қатысады. Өз құзіреті шегінде мәселелер бойынша хаттар мен өтініштерді қарастырады. Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша жинылстарды өткізудегі ұйымдастырады және әзірлеу іс-шараларына қатысады. Қала құрылыстық кадастр қорына облыс су қоймалары аумағындағы құрылыстар мен жер телімдерін түгендеу бойынша деректерді енгізеді. Елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға өтінімдерді қабылдайды, рәсімдейді және берілген рұқсаттарды есепке алады. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға берілген рұқсаттар туралы облыстық салық басқармасына уақытылы және сапалы мәліметтер беруді жүзеге асырады. Қала құрылысы бөлімінің бас маманы лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары кәсіби (сәулеттік). Орта-кәсіби (сәулеттік) рұқсат етіледі.

2. Қала құрылысы кадастры бөлімінің жетекші маманы (Д-О-5 санаты, 1 бірілк).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 35478 теңгеден 48093 теңгеге дейін. Қала құрылысы кадастры бөлімінің жетекші маманының функционалдық міндеттері: Облыстағы басшылық ететін аудандардың қала құрылыстық паспорттарын толтыру бойынша келіп түсетін ақпарттарды, әкімшілік аудан туралы (аумағы, тұрғындары, тұрғын үй қоры, инженерлік коммуникациялар, көліктік тораптар, шикізат ресурстары) жалпы мәліметтерді енгізеді, сондай-ақ пайдалану түрлері бойынша аудандағы жер қорының бар болуы және бөлінуі туралы, пайдалану түрлері бойынша аудандағы ғимараттарды (имараттарды) бөлу туралы, аудандағы инженерлік тораптар туралы, аудандағы көше-жол тораптарының бар болуы және бөлінуі туралы тоқсандық, жарты жылдық жинақтық кестелерді құрастырады, қорытындыларды шығарады, облыстың атрибутивтік, графикалық қорына енгізеді. Аудандық қызметтердің Мекенжай тіркелімін жүргізуі жөнінде талдау жүргізеді. Облыстық қала құрылыстық кадастр блйынша тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есеп әзірлейді. Қала құрылыстық кадастрды әзірлеуді алдын-ала есептеу «құнын негіздеу) бойынша жұмысқа қатысады. Елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға өтінімдерді қабылдайды, рәсімдейді және берілген рұқсаттарды есепке алады. Сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастыруға берілген рұқсаттар туралы облыстық салық басқармасына уақытылы және сапалы мәліметтер беруді жүзеге асырады. Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша жиналыстарды өткізудегі ұйымдастыру және әзірлеу іс-шараларына қатысады. Қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары кәсіби (сәулеттік). Орта-кәсіби рұқсат етіледі (сәулеттік). Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасындағы сәулет-қала құрылыстық қызметіндегі қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заң және нормативтік-құқықтық актілерін, аталған санат лауазымы бойынша функционалдық міндеттерді атқаруға қажетті өзге міндетті білімдер. Компьютерде жұмыс істей білу. Мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білу. Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бойынша жүргізіледі. Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды тапсыру мерзімі біткеннен кейін 5 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасында белгіленген тәртіппен өтеді. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы ҚР Конституциясын, «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін және мемлекеттік тілді білуге тесті қамтиды. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуді осы конкурс бойынша тестілеу өткен соң, бес жұмыс күн ішінде Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 27, 408 бөлме мекен-жайы бойынша ШҚО сәулет және құрылысы басқармасында өтеді. Конкурска қатысуға қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарының («Дидар» және «Рудный Алтай» газеттері) ресми басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 27, 407 бөлме мекен-жайы бойынша Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы тиіс.

Телефон: 8 (7232) 26-36-69

 

»06.08.2009

 




Сіздермен Шығыс Қазақстан
облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының
интернет — бетінде
жүздескенімізге қуаныштымын

Аманбай Мұхамедиярұлы
Нұркенов — ШҚО сәулет және
қала құрылысы басқармасының
бастығы

Мемлекеттік рәміздер

Пайдалы сілтемелер