Жаңалықтар :

Жаңалықтар мұрағаты

 

САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ

АУА РАЙЫ

GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск

КІРУ СТАТИСТИКАСЫ

Copyright © 2009 www.arhitecturavko.kz
Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы,
Қазақстан көшесі, 27 070004

Телефон:
8 (7232) 26-36-69

 

ЗЕРТТЕМЕ ҚОЛДАУ

ФИРМА
"WEBTECHONOLGY"

WWW.WEBTECH.KZ

firma@webtech.kz

Қазақстанның жоғары сәулет біліміне 50 жыл



Қазақстанда сәулет білімінің құрылғанына 50 жыл толды. Осы кезең аралығында мемлекетіміздің сәулеттік ЖОО-ры он мыңнан астам мамандар даярлап шығарды.

Қазақстанның жоғарғы сәулет білімінің 50 жылдығы – жарты ғасырда тұрғындардың тіршілік ету ортасын ұйымдастыруда алға қарай үлкен қадам жасаған, бүкіл еліміз үшін маңызды күн. Кеңес дәуірі кезеңінде Республикамыздың кең байтақ жері, аумақтары айтарлықтай ұшырады: көлік жолының жүйесімен керілді, көптеген  жаңа қалалар мен елді мекендер пайда болды, олардың көркейтілу деңгейі өсті.

1961 жылы, Республикамыз сәулет-құрылыс саласында төл маманмен қамту мақсатында, Алматыда (Т.К. Басеновтың), Өскеменде (А.К. Сидоровтың) бастамаларымен алғашқы сәулет факультеттерінің негіздері қаланды. Олардың бүгінгі күндегі ізін жалғастырушылары: ҚазБСКА және Серікбаев атындағы ШҚМТУ Сәулет факультеттері болып табылады.

Жарты ғасырда, Қазақстанның жоғарғы мектебінде білім алған мыңдаған сәулетшілер еліміздің гүлденуіне зор үлестерін қосты: көптеген түлектер Астана, Алматы, облыс орталықтарындағы және еліміздің елді мекендеріндегі жобалардың авторлары.

Бүгінгі күні, 50 жылдық мерейтой қарсаңында, Қазақстанның сәулет мектебі қазіргі заманғы әлеуметтік, ғылыми және техникалық талаптарға толығымен жауап береді және ілгері даму жолында.

Қазақстан Республикасының барлық Сәулетшілеріне еліміздің қалалары мен елді мекендерінің қазіргі заманға сай және қайталанбас келбетін қалыптастыруда үлкен жетістіктер тілейміз!




»09.11.2011




Сіздермен Шығыс Қазақстан
облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының
интернет — бетінде
жүздескенімізге қуаныштымын

Аманбай Мұхамедиярұлы
Нұркенов — ШҚО сәулет және
қала құрылысы басқармасының
бастығы

Мемлекеттік рәміздер

Пайдалы сілтемелер