Жаңалықтар : |
Жаңалықтар мұрағаты |
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан болған төтенше жағдай зардаптарын жойып
қалпына келтіру жұмыстарын орындау барысында, мектептердің құрылысын салу жобасын әзірлеуге сәулет және қала құрылысы басқармасымен сәулет-жоспарлық тапсырмалар берілді: Күршім ауданының Барақ Батыр ауылына 132 орынға, Күршім ауданының Жиделі ауылына 80 орынға, Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылына 600 орынға, Тарбағатай ауданының Жәнтікей ауылына 180 орынға, сондай-ақ ЖДА құрылыс салу жобасын әзірлеуге Абай ауданының Архат ауылына, Күршім ауданының Қаратоғай ауылына, Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылына, Тарбағатай ауданының Жәнтікей ауылына. Жоғарыда аталған мектептер, ЖДА және тұрғын үйлердің құрылысын салу үшін орындары анықталды. Нобайлық жобаларды әзірлеуге, жоспарлау жобаларына және іздестіру жұмыстарына шығындар анықталды, Зайсан ауданының Тасбастау ауылына 382,8 мың теңге бағасында, Күршім ауданының Қаратоғай ауылына – 309,9 мың теңге, Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылына – 8079,1 мың теңге, Тарбағатай ауданының Жәнтікей ауылына – 7760,2 мың теңге.
»28.04.2010










