Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы:

 

САЙТ БОЙЫНША ІЗДЕУ

АУА РАЙЫ

GISMETEO: Погода по г. Усть-Каменогорск

КІРУ СТАТИСТИКАСЫ

Copyright © 2009 www.arhitecturavko.kz
Қазақстан Республикасы
Өскемен қаласы,
Қазақстан көшесі, 27 070004

Телефон:
8 (7232) 26-36-69

 

ЗЕРТТЕМЕ ҚОЛДАУ

ФИРМА
"WEBTECHONOLGY"

WWW.WEBTECH.KZ

firma@webtech.kz

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНI
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні
сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
әнін жазғандар: Шәмші Қалдаяқовтыкі

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 



Сіздермен Шығыс Қазақстан
облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасының
интернет — бетінде
жүздескенімізге қуаныштымын

Аманбай Мұхамедиярұлы
Нұркенов — ШҚО сәулет және
қала құрылысы басқармасының
бастығы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы

Пайдалы сілтемелер