Бөлімшелердің басшылары туралы:
Хлудков Александр Иосифович – басқарма бастығының орынбасары

1949 жылы 17 маусымда дүниеге келді.
08. 08. 1966 |
22. 08. 1967 |
Ертіс филиалының Өскемен құрал жасау зауыты, слесарь |
25. 08. 1967 |
05.07. 1972 |
Өскемен құрылыс-жол институтының студенті. |
21. 08. 1972 |
19.01. 1973 |
«Заводқұрылысы» тресті « Алтайқорғасынқұрылысы» басқармасының құрылыс шебері. |
19. 01. 1973 |
20.03. 1975 |
Жеке құрылыс-техникалық батальоның 1796 рота командирінің орынбасары. |
04.04.1975 |
16.06. 1978 |
«Энерготүсметгаздантазарту» әзірлік дайындау Өскемен жөндеу-монтаждау жұмыстарының арнайы басқару тресті тобының инженері. |
16.03.1978 |
22.07. 1980 |
Қазақстан Компартиясы Октябрь аудандық комитетінің өнеркәсіптік- көліктік бөлімінің нұсқаушысы. |
22.07.1980 |
26.05.1981 |
Қазақстан компартия обкомы ШҚ органдарының әкімшілік және сауда-қаржылық бөлімінің нұсқаушысы. |
27.04.1982 |
01.04.1991 |
Қазақстанның ШҚ обком Компартиясының бірінші хатшысының көмекшісі |
01.04.1991. |
17. 03.1992 |
ШҚ облыстық атқарушы комитетінің мобилизация бөлімінің бастығы. |
18.03.1992 |
01. 08.1993 |
ШҚ облыстық әкімшілігінің мобилизациялық сектор бастығы. |
01.08.1993 |
15. 03.1996 |
ШҚ облыстық әкімшілік басшысының көмекшісі, әскери-мобилизацияланған сектордың бастығы. |
15.03.1996 |
19.11.2001 |
ШҚО әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы. |
19.11.2001 |
04.02.2005 |
Мобилизациялық қорғаныс жұмыс бөлімінің меңгерушісі. Облыс әкімінің көмекшісі. |
04.02.2005 |
17.06.2008 |
«ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ директорының орынбасары. |
18.06.2008 |
04.09.2008 |
ШҚО әкімінің бас инспекторы |
04.09.2008 |
01.04.2009 |
ШҚО әкімі аппаратының инспекторлық бөлімі, облыс әкімінің бас инспекторы. |
01.04.2009 |
06.11.2009 |
ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласын талдау секторының, облыс әкімінің бас инспекторы. |
06.11.2009 |
15.06.2010 |
ШҚО әкімі аппаратының ұйымдастыру-ниспекторлық |
16.06.2010
28.10.2011 |
28.10.2011
қазіргі уақытта |
«ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ бастығының орынбасары. ШҚО, Өскемен қ. |
Функционалдық міндеттері:
Басқармадағы жұмыстарды бағыттап ұйымдастырады. Басқармаға жүктелген тапсырмалардың орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты. Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің міндеттерін және өкілеттілігін анықтайды. Басқарманың өз құзыретіне сәйкес қызметінің мәселелерін шешеді. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарманың мүддесін қорғайды.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 407 бөлме
Азаматтарды қабылдау бөлімінің телефоны: – 26-36-69
Е-mail: uprav_arh@mail.ru
- әкімшілік бөлімнің бастығы
Функционалдық міндеттері:
Өз құзіретіне сәйкес, бөлім қызметінің мәселелерін шешеді. Бөлімдегі жұмысты ұйымдастырады және бағдарлайды, бөлімге жүктелген тапсырмалардың және функцияларының орындалуына жауапты. Құжаттардың уақытында және дұрыс ресімделуін және жасалатын операциялардың заңдылығын, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын жасауды, қалыптастыруды, мемлекеттік сатып алулар бойынша барлық процедуралардың өткізілуін, келісімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және орыс тілінде іс жүргізуді жүргізуге, уақытылы және сапалы тіркеуге, азаматтардың, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ жоғары тұрған инстанциялардан келіп түскен корреспонденцияларды есепке алу және қарастыруға жауап береді. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, нормативтік-құқықтық құжаттарды сәйкес органдарда бекітілуін келістіреді және әзірлейді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды ұйымдастыруды және өткізуді жүргізеді. Басқармадағы кіріс және шығыс құжаттамалардың заңды түрде келісілуін жүргізеді. Прокуратура, әділет, соттар органдарымен және облыс Әкімдіктері мен мәслихаттарының аппараттарымен жұмыс жүргізеді. Бөлім құжаттарына қатысты басқарма мұрағатының жүргізілуі және сақталуы. Жұмыс сапасын және өнімділігін көтеру, бюджеттік және Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларының сақталуын тексеру, есепке алуды жүргізудің растығын және дұрыс жүргізілуін тексеру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қаражатты пайдалануда бұзушылықтарға жол бермеу, анықтау бойынша шаралар қолданады. Басқарма, облыс Әкімінің веб-сайттарына және мемлекеттік ресми сайттардың ақпараттары мен материалдарының уақытылы және сапалы жаңартылуына жауап береді. Ісжүргізілудің және мемлекеттік сатып алуды жүргізудің электронды форматта жүргізілуге уақытылы көшуін, төрағаның және мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия мүшелерінің электронды қолтаңбаларын енгізуді жүзеге асырады.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 407 бөлмеАзаматтарды қабылдау бөлімінің телефоны: – 26-36-69
Е-mail: uprav_arh@mail.ru
Раушан Оралбекқызы Балапанова - сәулет бөлімінің бастығы
1979 жылы 12 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келді. Қазақ. Білімі жоғары. 2001 жылы инженер-сәулетші мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетті аяқтады.
01.07.2000 жылдан 8.01.2002 жыл аралығында – «Облремпроект» ОМЖЖМ инженер-сәулетші қызметін атқарды,
09.01.2002 жылдан 1.05.2003 жыл аралығында – ШҚО құрылыс және сәулет басқармасында жетекші маман,
1.05.2003г. жылдан 9.04.2004 жыл аралығында – ШҚО құрылыс және сәулет басқармасында бас маман,
9.04.2004г. жылдан 1.01.2005 жыл аралығында - ШҚО сәулет және қала құрылысы кадастры басқармасында жетекші маман,
1.01.2005г. жылдан 31.01.2005 жыл аралығында – ШҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінде жетекші маман,
31.01.2005 жылдан 12.09.2005 жыл аралығында – ШҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінде бас маман,
12.09.2005 жылдан 31.12.05 жыл аралығында – ШҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің сәулет бөлімінің бастығы,
01.01.2006 жылы - ШҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулет бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Функционалдық міндеттері:
Облыс аумағында сәулет-қала құрылыстық қызметті үйлестіру. Сәулеттік қызмет саласында ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеу жұмысын ұйымдастырады. Бөлім қызметін ұйымдастырады. Бөлім мамандарының міндеттерін және құзыретін анықтайды. Бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты. Арнайы курстар, семинар-жиналыстар өткізу арқылы жергілікті сәулет қызметтері қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру. Аудандық және қалалық сәулет органдарының қызметтерін бақылау мен әдістемелік және жедел басшылыққа алуын жүзеге асырады. Елді мекендердің бас жоспарларын және өзге қала құрылыстық құжаттамаларды уақытылы және сапалы әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру. Құрылыс салу, аумақты көркейту және инженерлік қамтамасыз ету ережелерін әзірлеу. Жергілікті атқарушы органдарымен бірге елді мекендерді көркейту, сәулет және қала құрылыстық қызмет заңнамасы нормаларының сақталуы бойынша жұмыстарды бақылауды жүзеге асырады. Елді мекендердің сәулет-қала құрылыстық келбетін жақсарту бойынша ұсыныстарды, бас жоспарларды, техникалық ерекшеліктерді алдын-ала есептеуді (құнын негіздеу) әзірлейді. Бас жоспарларды әзірлеу бойынша конкурстарға қатысады, техникалық сараптама жүргізеді. Елді мекендер, рекреациялық аймақтар бас жоспарларының жобаларын кешенді қалақұрылыстық сараптамасын жүргізу. Бас жоспарлар, өзге қала құрылыстық, картографиялық және топографиялық материалдар бөлігі бойынша басқарма мұрағатын жүргізу және сақтау. Қолданыстағы рұқсат беру жүйесіне сәйкес оларды орындаушыларға және тараптық ұйымдардың өкілдеріне береді. Басқарма бастығы жанындағы сәулет-қала құрылыстық Кеңестін жиналыстарын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Азаматтардың өтініштерімен, қызметтік хат-хабарлармен жұмыс жүргізеді.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27 401 бөлме
Азаматтарды өтініштері бойынша бөлімнің телефоны: 26-84-26
Е-mail: balapan_chick@mail.ru
Мейрамгүл Сейтмұхамедқызы Серікпаева - қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы
1962 жылы 15 қыркүйекте Катонқарағай ауданы Балғын ауылында дүниеге келді. Қазақ. Білім жоғары. 1985 жылы сәулетші мамандығы бойынша Өскемен жол-құрылыс институтын аяқтады. 08.1985 жылдан 09.1985 жыл аралығында – «Карагандогорсельпроект» ДКПМ сәулетші болып жұмыс істеді,10.1986 жылдан 04.1987 жыл аралығында - Өскемен қаласының құрылыс және сәулет істері жөніндегі бөлімінде сәулетші,04.1987 жылдан 08.1989 жыл аралығында – Катонқарағай ауданынының аудандық сәулетшісі жанындағы өндірістік топтың аға сәулетшісі ;08.1989 жылдан 04.1992 жыл аралығында – Катонқарағай аудандық атқару комитетінің аудандық сәулетшісі;09.1995 жылдан 08.1997 жылдар аралығында – Катонқарағай сәулеттік-жоспарлау бюросының бастығы;08.1997 жылдан 02.1998 жылдар аралығында - Өскемен қалалық жер кадастры бюросы, аудармашы;04.1998 жылдан 05.2003 жылдар аралығында – жер ресурстарын басқару жөніндегі ШҚ облыстық комитетінің бас маманы;05.2003 жылдан 09.04.2004 жылдар аралығында – ШҚО құрылыс және сәулет басқармасының қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы;09.04.2005 жылдан 01.01.2005 жылдар аралығында – құрылыс және сәулет басқармасының қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы;01.01.2005 жылдан 31.12.2005 жылдар аралығында - ШҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы;01.01.2006 жылдан бастап – ШҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының қала құрылысы кадастры бөлімінің бастығы.
Функционалдық міндеттері:
ҚР Президентінің Жарғылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, шешімдері, өкімдері, облыс әкімінің қаулыларының орындалуын бақылау бойынша жұмыс жүргізеді. Өз құзіретіне сәйкес бөлім қызметінің мәселелерін шешеді. Бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты. Бөлім жұмысын ұйымдастырып, бағыттайды. Облыстың қала құрылыстық кадастрын әзірлеу бойынша іс-шаралар жоспарын жасау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Қала құрылыстық кадастрды әзірлеуді алдын-ала есептейді (құнын негіздеу). Қала құрылыстық кадастрды әзірлеу бойынша тендерлерді өткізуге техникалық ерекшеліктерді дайындайды. Қала құрылыстық кадастрды әзірлеу бойынша конкурстарға қатысады. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Облыстық қала құрылыстық кадастрдың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептерін тексереді (құрастырады). Облыс қызметтері мен ұйымдары арасындағы қала құрылыстық кадастрдың деректер қорын қалыптастыруға қажетті өзара ақпаратмен алмасуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қала құрылыстық кадастр бойынша басқарма мұрағатын жүргізеді және сақтайды. Қала құрылыстық кадастр бойынша басқармадағы құпия іс жүргізуді және рұқсат беруді жүргізеді. Қала құрылыстық кадастр бойынша құпия құжаттарды қабылдайды, өңдейді, рәсімдейді және жібереді. Қолданыстағы рұқсат беру жүйесіне сәйкес оларды орындаушыларға және тараптық ұйымдардың өкілдеріне береді. Құпия ақпараттарды сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде басқарма қызметкерлеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Басқарманың сәулет және қала құрылыстық қызметтері мәселелері бойынша жиналыстар өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Аудандық сәулетшілердің қала құрылыстық кадастр, «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін және елді мекендердегі сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарының орналастрылуы және техникалық жағдай бойынша жұмыстарды жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Облыс елді мекендеріндегі (сыртқы) көрнекі жарнама нысандарын орналастыруға рұқсаттар беруді қабылдау, есепке алу, ресімдеу, беру және сақтауға, сондай-ақ облыстық салық департаменті мен прокуратура органдарына уақытылы және сапалы мәліметтер беруге жауапты. Бөлімге жүктелген тапсырмаларға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысын бақылауды жүргізеді.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 408 бөлме
Азаматтарды қабылдау бөлімінің телефоны: – 24-47-50
Е-mail: uprav_arh@mail.ru










