Басқарманың тапсырмалары мен міндеттері :
Басқарманың қызметі мен мақсаты
1. Басқарма қызметінің мәні облыс аумағындағы сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясат жүргізу болып табылады.
2. Басқарма қызметінің мақсаты облыс аумағындағы сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы стратегиялық жоспарлар мен міндеттерге қол жеткізу мен жүзеге асыру болып табылады.
Басқарманың функциялары
Қызметінің мәнін орындау үшін Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларының құрамында облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және облыс әкімдігі арқылы оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну;
2) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыс әкімінің облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынуды әзірлеу;
3) құрылыс салудың, аумақты абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін, сондай-ақ тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды сақтау және күтіп-ұстау ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
4) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де үйлердi және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттарды, инженерлiк коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен күтiп ұстау ережелерiн облыс әкімінің облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсынуды әзірлеу;
5) облыстық әкімдікке Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердiң шекараларын белгiлеу немесе өзгерту жөнiнде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты облыстық мәслихатқа ұсыныстар енгiзу бойынша материалдарды әзірлеу;
6) облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын келiсiмдеу;
7) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру;
9) облыстық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
10) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
11) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру;
12) елді-мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсаттар беру;
Басқарманың құқықтары
Басқарма келесі құқықтарға ие:
1) облыс әкімі және облыстық мәслихатқа Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
2) келіссөздер жүргізу және келісімдерге, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзге заңнамалық актілерге қол қою;
3) Басқармаға өз құзыреті шегінде жүктелген функцияларды орындау үшін тиісті мемлекеттік билік органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрау және алу;
4) Басқарма, осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар, оған қолданыстағы заңнамамен берілген өзге де құқықтарға ие.









